KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО тұрғындарына "Мен кәсіпкер" жобасының мүмкіндіктері таныстырылуда

Фото: ШҚО КП

26.05.2023, 09:05 295 Дәурен Аллабергенұлы

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында "Мен кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетін дамыту құралы аясында халыққа және бизнес субъектілеріне көрсетілетін тегін қызметтер туралы мәліметтер беріледі.

Шығыс Қазақстанда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде құрылған "Мен кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетті дамытудың жаңа құралы танымал болып келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Айгүл Шәкірова айтып берді.

– Біз "Мен кәсіпкер" құралы аясында "Кәсіпке бағыт" және "Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы" атты екі бағыт бойынша тегін қызмет көрсетеміз. "Кәсіпкерлік бағыт" бойынша анықталған қажеттіліктер негізінде кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құзыреттеріне оқыту және салалық (бейіндік) оқыту жүргізіледі. Ал ШҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге, оның ішінде "Бір ауыл – бір өнім" жобасы бойынша бірқатар қызметтер көрсетеді, – деп түсіндірді Айгүл Шәкірова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив