KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

121 өрт сөндіру депосын салу қажет – ТЖМ

шартты сурет

26.05.2023, 10:21 272 Оразай Жеңісұлы

Халық саны 10 мың адамнан асатын 188 елді мекеннің тек 150-інде мемлекеттік өртке қарсы қызмет бар. Бұл туралы «Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарында» жазылған.

«Ел аумағын өрттен қорғауды ТЖМ-нің 422 өрт сөндіру депосы жүзеге асырады. Оның ішінде 130 өрт сөндіру депосы жаңғыртуды талап етеді. 317 елді мекен өрттен қорғаумен қамтамасыз етілді, қосымша 121 өрт сөндіру депосын салу қажет. Халық саны 10 мың адамнан асатын 188 елді мекеннің тек 150-інде ғана мемлекеттік өртке қарсы қызмет бар. Ал тұрғын саны 5-тен 10 мың адамға дейінгі 195 ауылдық елді мекеннің 85-інде мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ», деп жазылған кешенді жоспарда.

Ведомство дерегінше, 1970 жылдары шығарылған 500-ге жуық ескі өрт техникасы әлі қолданыста. Оған қоса, жұмыс істеп тұрған 63 сейсмикалық станцияның жабдықтары тозған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив