Өскемен
+16°
ясно ветер 1 м/с, С
474.47 503.51 4.88

Демалыс күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

26.05.2023, 21:50 136 0 Оразай Жеңісұлы

Синоптиктер 27-29 мамырда елімізде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер ауа райына әсер етеді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ республиканың оңтүстігінде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте құмды дауыл соғады.

"Қазақстанда тәуліктік ауа температурасы жоғарылайды: батыс облыстарда +32-37 градусқа дейін, солтүстік-батыста +30-35 градусқа дейін, солтүстікте +20-30 градусқа дейін, орталықта +20-28 градусқа дейін, оңтүстікте +30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20-25 градусқа дейін аздап төмендейді, таулы аймақтарда +10-15 градус, шығыста негізгі фон + 23-28 градус", делінген хабарламада.

136
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив