KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 7 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізбейтін болды

26.05.2023, 23:53 181 Оразай Жеңісұлы

2023 жылғы Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) жыл сайынғы конгресі 2024 жылғы хоккейден әлем чемпионаты бағдарламасының қалған турнирлерін бекітуге, сондай-ақ 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізетін елді таңдауға дауыс берді.

«IIHF делегаттары екі өтінімнің бірін таңдауға мәжбүр болды. Оның бірі – Германиядан, екіншісі – Қазақстаннан. Нәтижесінде біреуі ғана жеңіске жетті. Екі елдің сенімді презентациясынан кейін барлық делегат жасырын дауыс берді. Германия жеңімпаз болды!» делінген хабарламада.

Қазақстанның алғаш рет турнирді қабылдауға мүмкіндігі болды. Алайда немістер қомақты қоры болғандықтан жеңіске жетіп отыр.

Осылайша, 102 дауыс жинаған Германия 2027 жылы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив