KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 4 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Өскеменде есірткі сатушы ұсталды

29.05.2023, 10:41 251 Оразай Жеңісұлы

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері облыс прокуратурасымен бірлесіп жедел шара жүргізіп, есірткі сатушыны ұстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тыйым салынған затты интернет-дүкен арқылы сатқан 26 жастағы жігіт Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары оның аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы болғанын анықтады.

Күдікті аса ірі көлемде есірткі заттарын алып, таратып отырған. Тінту кезінде оның жалдамалы пәтерінен салмағы 500 грамнан асатын психотроптық зат тәркіленді.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив