KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Кәмелетке толмаған жасөспірім көлікпен түнде көшеде жүрген

Фото: Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі

29.05.2023, 16:51 149

Ағымдағы жылдың 29 мамырында түнгі сағат 2 шамасында патрульдеу барысында Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ахмер ауылының Аязбаев көшесінде "Kia Rio"маркалы автомашинаны тоқтатты.

Қызметкерлер құжаттарды тексеру кезінде темір тұлпар тізгінінде көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 17 жастағы жүргізуші отырғанын анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Басқаруға құқығы жоқ жасөспірімге көлік жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-тің 612-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы, 5-бөлігі бойынша кәмелетке толмаған баланың ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив