KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 4 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Премьер-Министр қазақстандық әуе компанияларын сынға алды

сурет ашық дереккөзден алынды

30.05.2023, 23:52 140 Оразай Жеңісұлы

Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазақстандық әуе компанияларды сынға алды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Үкімет отырысында азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту шаралары талқыланды. Премьер-Министр тұрғындардың отандық әуе компанияларына қатысты орынды сын айтып жатқанын атап өтті.

"Осы жылдың қаңтар-ақпанында Fly Arystan компаниясы Қостанай әуежайынан Астана мен Алматыға ұшуы тиіс рейстердің жартысына жуығын орындаған жоқ. 25 ақпанда дәл осы әуе компаниясының жолаушылары "Астана-Шымкент" рейсінің 10 сағатқа кешігуіне байланысты жанжал шығарды. Ақыр аяғында, ол рейс мүлдем орындалмай қалды", – деп атап өтті Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, әуе компанияларында жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениеті төмен. Рейстердің кешігу себептерін уақтылы түсіндірмейді. Лайықты сервис ұсынылмайды.

Үкімет басшысы әуе билеттерінің баға саясаты туралы да айтты.

"Мысалы, Астанадан Алматыға дейін лоукостермен 1,5 сағаттық ұшу Еуропа, АҚШ немесе Қытай елдеріндегі осындай маршруттармен салыстырғанда екі есе қымбат болуы мүмкін. Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі баға саясаты жолаушылардың мүддесіне емес, әуе компанияларының табысын арттыру үшін жұмыс істеп отыр деп санайды.

Бүгінде жанармай шығындарын өтеуге жұмсалатын отын алымы логика бойынша авиаотын бағасының өзгеруіне байланысты болуы тиіс. Алайда ол билет бағасында өзгеріссіз, бір деңгейде қалып отыр. Сондықтан баға саясатын қайта қарап, авиатасымал сервисі мен қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істеу керек. Жолаушылардың мүддесі бірінші орында тұруы тиіс", – деді Ә.Смайылов.

Премьер-Министр баға белгілеуге деген көзқарасты қайта қарау, әуе тасымалы қызметі мен қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

"Жолаушылар мүддесіне басты басымдық болуы керек", – деп түйіндеді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив