Өскемен
-18°
туман ветер 1 м/с, СЗ
459.92 501.31 6.62

Өскеменде бес жаңа мектеп ашылады

28.12.2021, 12:42 28 0 Мадина Амангелдіқызы

Облыс орталығында мектептердегі орын тапшылығы жойлады. Осы мақсатт алдағы жылдарыа қалада бірден бірнеше жаңа мектеп ашылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2023-2024 жылдары Өскеменде 4080 орындық бес мектеп салу жоспарланған. Олардың бірі 19-шы тұрғын ауданында 880 орындық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналады. Тағы бір 600 орындық мектеп Нұрлы жол ауданында, 1000 орындық мектеп Спорт кластері ауданында ашылады. Сондай-ақ, 19 шағын ауданда 1000 орындық және 28 шағын ауданда 600 орындық мектеп салынады.

Айта кетсек, осы жылдың басынан бері Өскеменде 1350 орындық жеті балабақша ашылған екен. Одан бөлек, Протозанов көшесі, 37а және Космическая көшесі, 6/3 мекенжайындағы екі ғимаратты балабақша етіп қайта жаңарту жоспарлануда.

Орта арнайы білім алатын жастарға жағдай жасау үшін қалада құрылыс колледжі мен көпсалалы технологиялық колледж үшін екі жатақхана салынуда.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив