KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
448.56 478.03 4.79

ШҚО-да әскери бөлімде Балалар күні атап өтілді

1.06.2023, 16:44 276 Оразай Жеңісұлы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 27943 бөлімінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Іс-шараға әскери қызметшілердің отбасы шақырылды. Балалар ән шырқап, би билеп, танымдық ойындар мен спорттық эстафеталарға қатысты.

– Бүгінгі іс-шара жас ұрпақтың Отанға деген ыстық сезімін оятып, олардың нағыз патриот болуына ықпал етеді деген ойдамыз, – деді 27943 әскери бөлім командирі, полковник Азамат Әбікенов.

Шағын концертті тамашалаған балақайларға балмұздақ үлестірілді. Жалпы, бұл іс-шара әскери бөлімде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді және жыл өткен сайын мерекелік бағдарлама түрленіп келе жатқанын байқауға болады.

 

– Әскери қызметшілердің балалары үшін ұйымдастырылған бүгінгі мереке жоғарғы деңгейде өтті. Балаларға өте қызықты, барлығы ұнап жатыр. "Бала күлсе, бақыт құлағын түреді" дегендей, бүкіл мерекелік бағдарлама шаттық пен қуанышқа толы болды, – дейді Гүлмарал Нұрғисақызы есімді ана.

Әскери қызметшілер бұл күн балалардың жадында ұзақ уақытқа сақталады десті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив