KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
447.4 477.55 4.76

Өскеменде "Үміт" үйінің балаларына білім гранты табысталды

Фото: Аяужан Утеулинова

2.06.2023, 10:40 256 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері концерт қойды.

«Аялы алақан» деп аталатын қайырымдылық концерті Amanat партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Партияның қалалық филиалының төрағасы Арайлым Есімбекованың айтуынша, былтыр да өткізілген бұл концерт дәстүрлі іс-шараға айналып барады. Бұған дейін жұлдызды жасөспірімдер мен талабы таудай балақайлар Риддер қаласына және Катонқарғай ауданына саяхаттап, көпшілік алдында өнер көрсеткен.

– Өзге қалалар мен аудандарға сапар шеккен балалар ерекеше әсерге бөленеді. Табиғаты тамылжыған көрікті жерлерді көріп бір қуанады. Жаңа ортамен танысып, сол ортаның қолдауын сезініп және бір шаттыққа бөленеді. Меніңше, «Үміт» үйіндегі балалардың жұлдыздай жарқырап жүруі кейбір ата-аналарға ой салуы тиіс. Біздің жұмысымыздың, яғни партиялық жобаның бір қыры осы деп ойлаймын, – дейді Арайлым Есімбекова.

Концерт тамашалауға келген қала тұрғындары іс-шара басталмас бұрын «Үміт» балалар үйіне қолынан келген көмегін көрсетті. Ал концерт залындағы барша бүлдіршінді ҚР Парламентінің сенаторы Ольга Булавкина мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лұқбек Тұмашинов бейнебайланыс арқылы құттықтады.

Іс-шара ұйымдастырылған «Ертіс концерт» мекемесінің үлкен залында бос орын болмады. "Үміттік" өнерпаздардың концерті жоғары деңгейде өткенін осыдан-ақ байқауға болады.

Сондай-ақ концерттен кейін балалар үйіндегі бірқатар тәрбиеленушіге білім грантының сертификаты табысталды. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті үш, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті екі, Қазақстан-Америка еркін университеті екі, Абай атындағы гуманитарлық колледж бен политекникалық колледж бір-бір білім грантын ұсынды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив