Өскемен
-13°
пасмурно ветер 2 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

Қазақстандықтарға әуежайға ерте келу туралы ескертілді

14.09.2022, 15:26 2 0 Мадина Амангелдіқызы

Жолаушыларды тексеру және тіркеу рәсімдерінен өту үшін Қазақстан әуежайларына алдын ала келу сұралды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл 12-30 қыркүйек аралығында қазақстандық әуежайларда күшейтілген қауіпсіздік шараларының енгізілуіне байланысты болып отыр.


Бұған дейін Алматы әуежайының әлеуметтік желілерінде Алматы халықаралық әуежайында алдын алу іс-шараларын өткізу туралы хабарлама пайда болды.


"12 қыркүйектен бастап Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкімі бойынша Алматы халықаралық әуежайында алдын алу іс-шараларын өткізуге байланысты қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілді. Халықаралық рейстерді тіркеу залының алдында қосымша тексеру желісі орнатылған. Халықаралық рейстермен ұшып шығатын барлық жолаушыдан әуежайға алдын ала келуіңізді сұраймыз. Түсінгеніңіз үшін рақмет!"- делінген хабарламада.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив