KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Өскемендік полицейлер жоғалып кеткен 7 жасар баланы тапты

Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі

3.06.2023, 09:16 341

Ағымдағы жылдың 1 маусымында "102" жедел каналына Өскемен қаласының 40 жастағы тұрғынынан кәмелетке толмаған ұлын табуға көмек сұраған хабарлама келіп түсті.

Оның айтуынша, таңертеңгі сағат 08.30 шамасында 7 жасар ұлы ешкімді ескертпей үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Туыстары баланы өз бетінше іздеуге тырысқан, алайда ешқандай нәтиже болмаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Хабарламаны алғаннан кейін тәртіп сақшылары дереу бағдар жасап, сонымен бірге дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы мен Өскемен қаласы полиция басқармасының жеке құрамы толық жиналды.

Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат бойынша таныстар мен куәгерлерден сұрастырды. Учаске бойынша бөлінген  қызметкерлер саябақтар, аллеялар, бау-бақша серіктестіктері, жеке секторлар және көпқабатты пәтерлер мен үйлердің айналасындағы аумақтар бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізді.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жоғалған баланы Үлбі ПБ жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ерлан Шоженов  тапты,  баланы анасына аман-есен тапсырдық», – деп түсіндірді Өскемен қалалық ПБ  бастығы полиция полковнигі Андрей Мула.

Табылған баланың анасы полиция қызметкерлеріне ұлын табуға көмектескені үшін алғысын білдірді.

Егер бала жоғалып кетсе, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, бірден дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жазғы демалыс қарсаңында ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мұқият назар аударуға шақырады.

Балалармен әңгімелесіп, бос уақытта көшеде және үйде, су жағалауында демалу кезінде қауіпсіздікке назар аудару қажет екенін ескерту керек. Балаға үйден алыс, ауладан тыс жерде ойнауға, бейтаныс адамдардан ештеңе алмауға, бейтаныс жасөспірімдердің ортасына бармауға және түнгі уақытқа дейін серуендеуге тыйым салған дұрыс.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив