KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
447.4 477.55 4.76

Екі қалада екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Фото: ашық дереккөз

3.06.2023, 11:25 179

"Қазгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпаратына сүйенсек, 3 маусым сағат 21.00-ден 4 маусым сағат 21.00-ге дейін Өскемен мен Риддер қалалары бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіліп отыр.

Осыған байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив