KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да бір адам суға батып кетті

Фото: azh.kz

5.06.2023, 11:10 194 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында бір адам суға батып кетті.

Қайғылы оқиға Алтай ауданындағы Прибрежный кентінде болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары 4 маусым күні кешке 1975 жылы туған азаматтың денесін бұғаздан алып шықты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бір күн бұрын екі ер адам техникалық бұғаздың жағасында ішімдік ішкен, деп мәлімдеді ТЖ қызметінің өкілдері.

Құтқарушыларға куәгерлер хабарласып, тұрғынның суға батқан жерін көрсеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив