Өскемен
+8°
туман ветер 2 м/с, З
474.47 503.51 4.88

Кімдердің жылдық еңбек өтілі 1,5 жыл болып есептелмек?

Фото: alashainasy.kz

5.06.2023, 14:48 215 0 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық экономика министрлігі шекара маңындағы ауылдарда жұмыс істегендердің жалақысына 50% үстемеақы қосуды қарастырып жатыр. Сондай-ақ климаты қатал елді мекендерде еңбек ететін тұрғындардың бір жыл еңбек өтілі 1,5 жыл болып есептелуі де мүмкін.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі ашық талқыға шығарған Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Шекара маңындағы аудандардағы ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін жалақыға 50% ауылдық үстемеақы енгізу мүмкіндігі қаралатын болады. Төтенше табиғи-климаттық жағдайлары бар шекара маңындағы аудандардың тұрғындары үшін, яғни жылыту маусымы 9 айға созылатын аумақтарда еңбек заңнамасына тиісті өзгерістер енгізіле отырып, 1 жыл еңбек өтілін 1,5 жыл қылып есептеу нормасы көзделетін болады», деп жазылған құжатта.


215
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив