KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-дағы ауылдарда жұмыссыздық деңгейі жоғары

Фото: qazaq1913.com

5.06.2023, 17:26 205 Оразай Жеңісұлы

Биыл бірінші тоқсанда елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға жеткен.

Тіркелген жұмыссыздар саны 453,5 мың адам болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі finprom.kz деректеріне сілтеме жасап.

Өңірлердегі жұмыссыздық деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткіштер Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында тіркелген. Ал ең төменгі көрсеткіштер Қарағанды және Ұлытау облыстарында байқалады.

«Қаладағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Жетісу облысында, сондай-ақ Абай және Жамбыл облыстарының қалаларында байқалды. Ал ауылдық жерлерде жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында тіркелген. Одан кейінгі орында Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының ауылдары тұр», делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив