KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді

Фото: turkystan.kz

5.06.2023, 15:36 170 Оразай Жеңісұлы

ЖОО мен колледждерде әлеуметтік осал топ санатындағы шамамен 218,5 мың студент оқиды.

Үкіметте халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санатына жататын басқа қаладан келген студенттердің жатақханада тұруға жұмсалатын шығындарын субсидиялау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы вице-министр Алтай Көлгінов депутаттар сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктерінің дерегі бойынша, 2022-2023 оқу жылында ЖОО мен колледждерде әлеуметтік осал топ санатындағы шамамен 218,5 мың студент оқып жүр. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарында – 168,1 мың, колледждерде 50,3 мың студент бар.

"Пәтер жалдауға жұмсайтын шығындарын өтеу үшін Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктері республикалық бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып мемлекеттік әлеуметтік көмекке ең мұқтаж екі санатты анықтады. Олар: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар", делінген құжатта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив