KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 7 м/с, СШ
444.22 476.38 4.82

Самар ауылының көшелері жөнделеді

шартты сурет

6.06.2023, 18:06 201 Оразай Жеңісұлы

Биыл Самар ауылында оннан астам көшеге қиыршықтас төселіп, жаяу жүргіншілер жолы жасалады. Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.

«Аудан тұрғындарымен әлеуметтік желілер арқылы байланыс орнату, атқарылып жатқан жұмыс туралы есеп беру бүгінгі күннің талабына сай жүргізіліп отыр. Жұмысқа тұрған алғашқы күннен бастап Instagram және Facebook желілерінен парақшалар ашылды, аудан тұрғындары арасынан желі пайдаланушылар тіркеліп, атқарылған жұмыстарға баға беріп қана қоймай, өздерінің ұсыныстарын да жаза алатын болды. Бүгінгі күні желі қолданушыларының өтініші бойынша және жұмыс жоспарына сәйкес аудан орталығы Самар ауылындағы көшелерді аралап, жол жағдайы қаралды», – делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде Фонов, Алтай, Лоскутов көшелеріне қиыршықтас төсеп, тегістеу туралы шешім қабылданған. Сонымен қатар Болғанбаев атындағы мектеп-лицейі мен «Дәншік» балабақшасы аумағында көлік қоятын үлкен тұрақтар жасау жоспарланды. Бұдан бөлек Абай, Шуақты көшелерінің жағдайы назарға алынып, Әубәкіров көшесінің бас жағындағы көлденең көшелерде де ағымдағы жөндеу жүргізу көзделді. Сондай-ақ Букетов, Бақыраев, Болғанбаев көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салу және Болғанбаев, Самарға 100 жыл көшелеріне толық жөндеу жүргізу күн тәртібіне қойылды.

 Жөндеу жұмыстарының осымен тоқтап қалмайтынын ескерткен аудан басшысы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасып, ауыл көшелерінің бюджет қаражатына сай кезегімен қалыпқа келтірілетінін хабарлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив