Өскемен
-7°
туман ветер 3,1 м/с, ЮВ
461.33 501.65 5.1

Министр Алакөл маңында әскери техникалар неге тұрғанын түсіндірді

Сурет: gov.kz

7.06.2023, 17:06 178 0 Оразай Жеңісұлы

Мәжіліс кулуарында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Алакөл көлінің маңына әскери техникалар неге жиналып жатқанын айтты.

Қорғаныс министрінің айтуынша, 1 маусымда жоспарлы әскери оқу-жаттығу процесі басталған. Соған байланысты қазір Қазақстанның әртүрлі аймақтарында әскери техниканың жиналуын байқауға болады.

«1 маусымнан бастап жазғы оқу кезеңін, жоспарлы әскери оқу-жаттығу процесін бастадық. Бірінші аптада жауынгерлік әзірлікті тексеру, бөлімшелерді жауынгерлік тапсырмалар учаскелеріне шығару бойынша жоспарлы сабақтар жүргіземіз. Әскери оқу жылы басталды», – деді Жақсылықов.

"Оқу-жаттығулар неге Абай ауданында, Алакөл аумағында өтіп жатыр?" деген сұраққа министр әскери оқу-жаттығулар осы аймақтарда ғана емес екенін түсіндірді.

«Ол жерде ғана емес. Түсінесіз бе? Бұл Шығыс Қазақстан облысында ғана. Мен барлық стратегиялық бағыттар бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар жүріп жатқанын айтып тұрмын», – деп мәлімдеді қорғаныс министрі.

178
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив