Жасөспірімдерді бақылау күшейді – ШҚО

Фото: altaynews.kz
Облыс аймағында бүгін «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Жедел-профилактикалық іс-шара 9 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шараның басты мақсаты жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды пайдалану фактілерінің жолын кесу болып табылады.
"Жазда балалардың бос уақыты көп болады. Сондықтан да заңнаманың талаптарына қайшы келетін әрекетке баруы әбден мүмкін. Құрметті ата-аналар, балаларыңызға бас-көз болып, түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз сыртқа шықпауын қадағалауларыңызды сұраймыз", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
136
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
Өскеменде «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы басталды ШҚО-да «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы басталдыӨскеменде жасөспірімдерге алкоголь немесе темекі сатқандарды ұстау науқаны басталдыАлкагольдік ішімдік ішкен 12 жасөспірім анықталды - ШҚОШығыс Қазақстанның полицейлері «Жасөспірім» шарасын қолға алды