Өскемен
-7°
облачно с прояснениями ветер 6 м/с, СЗ
460.79 490.51 6.02

ШҚО-да 1-9 сынып оқушылары онлайн оқиды

26.12.2021, 10:52 42 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 желтоқсанда Риддерде ауа температурасының 25 градусқа дейін төмендеуіне және жылдамдығы секундына 3 метрге жететін жел соғуына байланысты екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқитын болды. Таңертең де қаладағы аталған сыныптардың оқушылары мектепке бармаған еді.

«Сондай-ақ бүгін Алтай, Ұлан, Көкпекті, Глубокое, Катонқарағай ауданында бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар, Күршім ауданында 1-9 сыныптар, Катонқарағай ауданы Ақсу, Барлық, Ново-Поляковка ауылдарында 1-11 сыныптар қашықтан білім алған болатын», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив