ШҚО-да кәдесыйлар жәрмеңкесі өтеді

Фото: Altaynews.kz
9 маусым күні, яғни ертең Солжағалау саябағында облыстық "Шығыс кәдесыйы" фестиваль-конкурсы өтеді.
Онда шығысқазақстандық шеберлер көпшілікке қолдан жасалған бұйымдары мен кәдесыйлар ұсынбақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар түрлі бұйымдар жасау бойынша тегін шеберлік сыныптары, ұтыс лотереясы мен қаланың кәсіби әртістерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылған.
Облыстың түкпір-түкпірінен келген шеберлер ағаштан, киізден, қайыңның қабығынан, шыныдан, тастан, сүйектен, керамикадан жасаған кәдесыйларын және зергерлік бұйымдарын жәрмеңкеге шығарады. Фестиваль 11.00-де басталып, 17.00-ге дейін жалғасады, дейді ұйымдастырушылар.
2 207
0
0
Сонымен қатар оқыңыз