KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 9 м/с, СШ
444.22 476.38 4.82

Семей орманы өртеніп жатыр

Сурет: instagram.com/glpr.semeyormany

8.06.2023, 17:30 288 Оразай Жеңісұлы

"Семей орманы" резерваты аумағында тағы өрт шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары "Семей орманы" табиғи резерваты аумағындағы орманда шыққан өртті жедел сөндіруге күш салып жатыр. Семей филиалы мәліметінше, Батпаев орман шаруашылығы аумағында алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаш өртенген.

Қазір өртті жою жұмыстарына Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінен 31 адам және 9 техника, орман шаруашылығынан 28 адам, 14 техника жұмылдырылған.

Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылғаны айтылды.

Құтқарушылар елді мекендерге қауіп жоқ деп сендірді.

Қазір облыста аптап ыстық: +34 градус, солтүстіктен соғатын жел секундына 2 метр.

Өрт сөндірушілер жағдайды асқындырмас үшін және өртті жою үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсап жатқаны атап өтілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив