KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Жасанды интеллект ойын ережесінің өзгеруіне алып келеді – Қ.Тоқаев

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

8.06.2023, 17:50 171 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Геосаяси шиеленіс пен протекционизмнің белең алуы әлемдік экономиканы өзгертіп жатыр. Бұл экономиканы баяулатып қана қоймай, жаһандық өсім мен тұрақтылыққа кедергі келтіруде. Алайда кез келген дағдарыс жаңа мүмкіндікке жол ашатынын уақыт көрсетті.

Орасан зор технологиялық серпін беретін "цифрландыру" осындай мүмкіндіктің бірі деп санаймыз. Цифрландыру қарқыны экономиканың дамуына зор ықпал етіп, бүгінгі күн тәртібінің бағыт-бағдарын айқындап берді.

Жасанды интеллект, блокчейн, Интернет заттар (IoT) және Үлкен деректер (Big Data) секілді жаңа тұжырымдар мен технологияларды кең көлемде енгізу ауыл шаруашылығынан бастап қаржы саласына дейін барлық саладағы ойын ережесінің өзгеруіне алып келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив