KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Заманауи медициналық жабдықтар сатыл алу үшін 2,5 миллиард бөлінді – Алтай ауданы

14.09.2022, 15:04 279

Даниал Ахметов Алтай ауданының жаңа әкімі Ернар Мұстафинмен өткен кеңесте медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен жабдықтау, инфрақұрылымды жақсарту және Бұқтырма су қоймасын абаттандыру бойынша бірқатар жобаларды талқылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жақында Өскемен-Алтай жолындағы жол-құрылыс жұмыстары аяқталмақ.

-        Жол жөндеу жұмыстары бір жарым жыл ішінде аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені бақылауда ұстайтын боламыз, - деді ШҚО әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы Алтай ауданындағы денсаулық сақтау саласында алдыңғы қатарлы медициналық жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын қосымша бюджет қаражатын бөлу жоспарланған көрінеді.

-        Биыл 2,5 миллиардқа жабдық сатып алынады. Оның ішінде босандыру мекемелерін жабдықтау ең негізгі міндет болып отыр. Әлемдік стандарттарға сай аппараттар сатып алынады, - деп қосты Даниал Ахметов.

Алдағы уақытта Бұқтырма су қоймасы мен Жаңа Бұқтырма кентінің жағалауын абаттандырумен байланысты маңызды жобалар, сондай-ақ құрылыс және әлеуметтік саладағы жобалар іске асырылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив