Өскемен
+5°
плотный туман ветер 1 м/с, С
474.47 503.51 4.88

ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады

Сурет: www.gov.kz

9.06.2023, 12:14 191 0 Оразай Жеңісұлы

Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр.

Соған байланысты 2023 жылғы 9 және 10 маусым аралығында барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап. 

Атап айтқанда:

  • Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қызметі;
  • еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі;
  • шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қызметі;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу қызметі уақытша қолжетімсіз.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деп жазылған хабарламада.

191
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив