Мемлекеттік қызметкерлер бақ сынасты – ШҚО

Фото: Тілеубек Шаяхмет
Бүгін А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мен ШҚО мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен “Дәстүрден тағылым” атты байқау өтті.
Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылған шараға облыстың түкпір-түкпірінен келген 14 қызметкер қатысып, өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Байқау «Қазақ халқының мәдени мұрасы», «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері», «Дәстүрлі халық мәдениеті – экранда» атты үш кезеңнен тұрды.
Қиын да қызықты жарыста қызметкерлер алдымен өз өнерлерін ортағы салды. Бірі ән айтып, би билесе, тағы бірі өзі шығарған өлеңдерін оқып, күй шертті.
Байқау нәтижесі бойынша 3-орында Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Аида Омарова тұрақтаса, 2-орын Катонқарағай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Тұрсынхан Базарбаевқа бұйырды. Ал ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Назерке Есхатова жүлделі 1-орынға ие болды.