KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Өскемен: қаржы жымқырған қызметкер ұсталды

14.09.2022, 12:17 137

Өскеменде бөлшек саудамен айналысатын фирмалардың бірінің қызметкері 2,5 миллион теңгеден астам қаржат жымқырған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Экспедитор ұйымға тиесілі 2 741 864 теңгені заңсыз иемденіп, талан-таражға салған», - деп мәлімдеген қалалық полиция басқармасы.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.

– Ұсталған азамат 28 жаста. Глубокое ауданының тұрғыны. Бұған дейін де сотталған болып шықты, – дейді Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаев.

Қазір ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлімі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив