KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 8 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Шығысқазақстандық тұрғындарды сенбілікке қатысуға шақырады

14.09.2022, 10:16 131

17 қыркүйек күні еліміздің барлық өңірлерінде "World Clean up day 2022" — "Дүниежүзілік тазалық күні 2022" акциясын өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО экология департаменті шығысқазақстандық тұрғындарға қалалар мен ауылдарды қоқыстан тазартуды ұсынады.

Іс-шараға қатысуға облыс тұрғындарымен қатар мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, еріктілер қозғалысына қатысушылар шақырылды.

-        Сенбілікке шығып, аулаларды, аллеяларды, саябақтарды, көшелер мен жағалауларды ретке келтіруге атсалысыңыздар. Барлық жанашыр азаматтардың қатысуына қуаныштымыз, - делінген хабарламада. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив