KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3,6 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Шемонаихадағы жарылыстың басты себептері белгілі болды

29.06.2023, 12:12 453 Ләззат Қанатқызы

Шемонаиха қаласындағы газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыстың басты себептері белгілі болды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Алексей Ахаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқыс оқиғаның негізі себебі – қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусым күні сағат 13.00-де жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шыққан болатын. Төтенше жағдай салдарынан 4 адам зардап шекті, жүргізуші мен оператор 100% дене күйігін алып, бірнеше күн өткенде көз жұмды.

– Зардап шеккендердің бірі – кассир. Әйел адам қазір қолы күйіп, ауруханада жатыр. Ал тағы бір зардап шеккен өрт сөндірушіге алғашқы көмек көрсетілген, ауруханаға жатқызудан бас тартыпты. Оқиғаның алдын ала нұсқасы – газ жабдықтары мен қауіпсіздік техникасын пайдалану талаптарын бұзу, – деді Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Алексей Ахаев.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив