Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 1 м/с, С
474.47 503.51 4.88

ШҚО-ның оқушылары «ProEco» республикалық байқауында топ жарды

22.12.2021, 15:18 126 0 Мадина Амангелдіқызы
Таяуда ел астанасында «ProEco» республикалық жобалар байқауы өтті.  Байқауға Шығыс Қазақстанның атынан  5-8-сынып оқушылары аттанды. Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың экологиялық сауатын арттыру, зияткерлік және шығармашылық әлеуетті дамыту.
Республикалық жобалар байқауының қорытындысы да көз қуантады. Облыстың намысын қорғаған жастар астанадан марапатпен оралды. Үш бірдей оқушы 1 және 2 дәрежелі диплом иегері атанды.
I дәрежелі дипломмен «Үздік экологиялық бастама» бағытында  Аягөз ауданы №1 орта мектебінің 6-сынып оқушылары Нурилла Дәулетқызы мен Толғанай  Еркінқызы марапатталса, II дәрежелі дипломмен «Таза қала сізден басталады» бағытында Семей қаласы №22 орта мектебінің 8-сынып оқушысы  Тамир Хаменов марапатталды.
 «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «ProEco» экологиялық жобалар конкурсында қол жеткізген жетістіктері үшін марапат қағазы Аягөз ауданы №6 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Ерасыл Тұяқовқа табысталды.
126
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив