Өскемен
+16°
небольшая облачность ветер 2 м/с, В
448.71 479.67 5.52

Облыс орталығының көлік инфрақұрылымы саласындағы ауқымды өзгерістер

22.12.2021, 10:56 80 0 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығының көлік инфрақұрылымы саласында соңғы жылдары ауқымды өзгерістер жүзеге асырылды. 
Қаланың сол жағалауындағы аудандар үшін негізгі болған Сәтпаев даңғылы қайта жаңартылды. Даңғыл Самар ауылына апаратын трассамен қосылды. 19-шы шағын аудан мен Алматы трассасы арасындағы жаңа жолдың құрылысы аяқталуға жақын. 
Жібек Жолы, Тоғас көшелері, Өскемен-Семей жолы қайта жаңартылды. Бұл екі көпірдің арасындағы бүкіл сол жағалаудың бойында кең көшелердің сапалы желісін құруға мүмкіндік берді. 
Бөлу жолағын алып тастау есебінен Әуезов даңғылы сегіз жолаққа дейін кеңейтілді. Даңғылды қайта жаңарту мақсатында Горький көшесінен Нұрмағамбетов көшесіне оң жақ бұрылысқа дейін қосымша жолақ, ал Жеңіс даңғылының қиылысында оң жақ бұрылыс жайластырылды.
Потанин көшесі де бөлу жолақтарын алып тастау арқылы кеңейтілді. Сонымен қатар студенттер қалашығы ауданындағы көлік ағынын азайту үшін Серікбаев көшесі кеңейтілді. Жолдың бір бағытта кеңейтілуіне байланысты ол ішінара үш жолақты болды. 
Жеңіс даңғылына, Бейбітшілік және Малдыбаев көшелеріне, Шәкәрім даңғылына (Абай даңғылынан Белинский көшесіне дейін) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жібек жолы көшесін кеңейту («Арзаннан» Меновное ауылына дейін) аяқталды.
Лопатино аралы ауданындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірден Ахмер ауылына дейінгі автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сегіз айналма жол ұйымдастырылады, жарық орнатылып, жол бойында тротуарлар жасалады. Көлік жүктемесін азайту үшін он қиылыста оң жақты бұрылыс жасау қарастырылған. 
Автожол шаруашылығын дамыту жөніндегі перспективалық жоспарда Есенберлин даңғылынан Жібек Жолы көшесінің қиылысына дейін, VIII жоспарлау ауданындағы Абай және Шәкәрім даңғылдарының тұсындағы көпірлер арасында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу, сондай-ақ Белинский, Пограничный, Карбышев, Базовый көшелерін, 23-шағын аудандағы, Ахмер ауылындағы, Үлбі кентіндегі жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары бар.

80
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив