KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
448.56 478.03 4.79

ШҚО-да 150-ге жуық көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үй салынады

13.09.2022, 16:51 132

ШҚО ауылдарында 147 көпбалалы және аз қамтылған отбасы үшін үйлер салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Жақын арада ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ауылдарда 147 көпбалалы және аз қамтылған отбасы үшін үйлер салуды бастаймыз. "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында бізде бірнеше жоба әзірленді. Олар өздерін жақсы дәлелдеді. Үйлер жайлы, жылы, орналасуы ыңғайлы, - деді аймақ басшысы.

Бүгінгі күні Тарбағатай ауданында – 48, Зайсан ауданында – 41, Күршім ауданында-14, Алтай ауданында-5, Катонқарағай ауданында – 5, Ұлан ауданында-21, 4 отбасы Самар ауданында, 5 отбасы Шемонаиха ауданында және 4 отбасы Глубокое ауданында көп балалы отбасылар тұрады.

-        Мен жоғарыда аталған аудандардың әкімдеріне тағы да отбасылармен кездесу өткізуді тапсырдым. Жобаларды дайындау қажет. Құрылысқа арналған учаскелерде коммуникация жағы жақсы ойластырылған болу маңызды. Өңірдің құрылыс компанияларында осындай үйлерді салу тәжірибесі бар. Сондықтан жақын арада тағы бір кеңес өткіземін , онда біз 147 үйдің құрылысын бастау мерзімін белгілейміз, - деп түсіндірді Даниал Ахметов.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив