Өскемен
пасмурно ветер 1 м/с, В
457.29 490.35 5.97

Облыс орталығында жаңа жылдық шыршалар қашан орнатылады?

21.12.2021, 15:14 46 0 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында алдағы мерекелерге дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала тұрғындары биылғы жылы Комендантка арнасы, Арбат, Комсомол аралы және орталық алаңнан жаңа жылдық шыршаларды тамашалай алады.

Қала әкімшілігінің ақпараты бойынша, көшелерді безендіру үшін 7 мыңға жуық жарықдиодты лента пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, мерекеге арнайы фото аймақтар да дайындалмақ.

Бірақ, негізгі шырша қай күні орнатылатыны әлі де белгісіз. Қазіргі уақытта орталық алаңдағы субұрқақты жарықтандыру және ағаштарды безендіру жұмыстары ғана жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив