Өскемен
+3°
пасмурно ветер 3 м/с, СЗ
457.29 490.35 5.97

Өскемен: коммуналдық қызметкерлер көктайғақпен қалай "күресіп" жатыр?

21.12.2021, 09:56 102 0 Оразай Жеңісұлы

Кешелі бері облыс орталығында қылаулап жауған қар толастар емес. Оның үстіне күн көзі де жылынып, қала көшелері әп-сәтте көктайғақ болып шыға келді. Қолайсыздыққа тап болған жүргізушілер шағымданып та жатыр.

Ал коммуналдық қызметкерлер жолдағы техника таңғы сағат 3-тен бастап жұмыс істейді дейді. 60-тан астам көлік көшелерді шығады.

– Жұмыс күні бойы қырқынды жүріп тұр. Жүргізушілердің барлық шағымдары ескеріледі. Айналма жол айрықтары аялдама кешендері мен басқа да учаскелерге қосымша құм себіледі, – деп хабарлады Таза Өскемен.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив