KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 8 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да дәрігерлерге арналған жатақхана салынбақ

13.09.2022, 15:56 205

Облыс әкімі Даниал Ахметов денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес барысында дәрігерлерге арналған жатақхана салу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазіргі уақытта өңірдегі басты проблемалардың бірі – маман жетіспеушілігі болып отыр. Мәселен, тек облыс орталығында 100-ден астам дәрігер жетіспейді.

Тағы осындай мәселе Риддер, Алтай қалалары мен Глубокое ауданында да байқалады. Сондықтан медициналық оқу орындарының 91 түлегі облыс ауруханаларына таратылуда.

-        Өскеменде медицина қызметкерлеріне арналған 120 орындық жатақхананың құрылысын бастау керек. Бұл жұмысты қалалар мен аудандарда да қолға алған жөн. Дәрігерлер үшін екі қабатты үйлер салу жоспарын әзірлеу - бірінші кезектегі міндет, - деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 30-ға жуық маман биыл Өскемендегі ауруханаларға жұмысқа орналсатын көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив