Өскемен
-19°
пасмурно ветер 1,3 м/с, В
472.17 495.5 7.57

Жатақхана орындарының тапшылығы қашан шешіледі - министр жауабы

13.09.2022, 15:53 4 0 Мадина Амангелдіқызы
 Ғылым және жоғары білім министрлігі 2029 жылға қарай жатақхана тапшылығын толығымен жоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, қазір жатақхана орындарының тапшылығы Алматы қаласында қатты сезіледі. Себебі мегаполисте 35 университет шоғырланған. 200 мың студент білім алады, оның 70%-і өңірлерден келгендер.

"Қазір ең үлкен мәселе – Алматы қаласында. Шамамен 19-20 мың төсек-орын жетіспей тұр. Студенттердің отыз пайызы Алматыдан, жетпіс проценті басқа өңірлерден. 2026 жылға дейін жатақхана орындарының жетіспеушілігін 70-80% жабу жоспарда бар. Ал 2029 жылға қарай 100 пайыз жабатын боламыз", - деді Саясат Нұрбек үкімет кулуарында.









Ол жатақханасыз қалған студенттер үшін жедел штаб құрылғанын атап өтті.

"Далада қалып қойған кез келген бала жедел штабқа хабарлассын. Штаб 24 сағат бойы жұмыс істейді", - деді министр.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив