Өскемен
-6°
пасмурно ветер 1 м/с, СЗ
459.06 503.77 5.16

Алаяқтардан сақ болыңыз!

18.12.2021, 00:43 118 0 Мадина Амангелдіқызы

Бүгінгі таңда ең көп таралған қылмыстардың бірі – интернеттегі алаяқтық. Өскемен қаласы бойынша ағымдағы жылдың 11 айында 1204 қылмыс тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1211 қылмыс тіркелген болатын.

Алаяқтық бойынша қылмыстар біршама азайғанымен, әлі де саны жағынан жоғары деңгейде қалып отыр.

Интернеттегі алаяқтық мәселесі шынымен де өзекті, соңғы жылдары қылмыстың осы түрлерінің өсуі, ең алдымен, халықтың интернет арқылы тауарларды сатып алуға жүгінуіне және өз мүлкін жарнамаларды жариялауға арналған арнайы қосымшаларда сатуға тікелей байланысты (OLX.kz, Kolesa.kz, т.б.).

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде үнемі бейнематериалдар шығарып, қоғамдық орындарда алаяқтық жасаудың тәсілдері мен схемалары туралы буклеттер орналастырса да, халық өзінің сенімсіздігінің салдарынан интернет-алаяқтықтың құрбанына айналуда.

Азаматтарды жалған тиімді шарттармен мәмілелерге келіспеуге, тексерілмеген сайттарға өз деректерін енгізбеуге, күдікті сілтемелер бойынша кірмеуге, банк шоттары, пин-кодтар, электрондық поштаның құпия сөздері туралы мәліметтерді жарияламауға, белгісіз нөмірлер мен шоттарға ақша қаражатын аудармауға, тауар болмаған жағдайда ақша қаражатын жібермеуге, күмәнді ұтыс ойындары мен акцияларға қатыспауға, жеңіл табыс пен үлкен ұтыстар туралы уәделерге сенбеуге және тағы басқа жағдайларда қырағы болуға шақырамын.

 

Өскемен қаласы прокуратурасының

прокуроры

Қ. Башева

118
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив