KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскемен: полиция "борышкерлерді" іздей бастайды

13.09.2022, 12:11 205

Өскеменде полиция қызметкерлері «Борышкер» жедел шарасын қайта бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Әкімшілік айыппұлдарды өндіру мақсатындағы іс-шара 14-16 қыркүйек аралығында өткізіледі», - деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының 50 пайызын ғана төлеуге кез-келген адам құқылы екенін еске салды. Бұл мерзім әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы техникалық құрал тіркеген жағдайда, адамға айыппұл төлеу туралы хабар берілген сәттен бастап есептеледі.

Ведомствоның баспасөз қызметі заңнамада айыппұлды ерікті түрде төлеуге 40 күн берілетінін атап өтті. Төленбеген жағдайда әкімшілік материал мәжбүрлеп өндіріп алу үшін мемлекеттік немесе жеке сот орындаушыларына жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив