Өскемен
-30°
плотный туман ветер 1 м/с, С
468.9 485.64 7.7

Алтайдағы трансформатор станциялары "өнер туындысына" айналады

13.09.2022, 11:36 4 0 Оразай Жеңісұлы

Алтай қаласындағы қосалқы трансформатор станциялары «өнер туындысына» айналады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аудан орталығының әкімі Игорь Оконешников энергетикалық шаруашылықтың нысандарына адам өмірінің қауіпсіздігіне байланысты әртүрлі сурет салуды ұсынды.

– Ел ішінде небір өнерлі адамдар бар екенін білеміз. Тұрғындарды жобаға қатысып, шаһарды түрлендіруге шақырамыз. Кәсіби суретшілер тарапынан да қолдау болады деп үміттенеміз. Оқушылардан, студенттерден, бейнелеу студиясындағы мамандардан және қарапайым тұрғындардан құралған командалар қатысса құба-құп. Сурет салуды атаулы күндер мен мерекелерге орайластыруға да болады. Балалар сюжетінен бастап граффити немесе стрит-арт бағытындағы картиналарға дейін салынса, – деді Алтай қаласының әкімі Игорь Оконешников.

Суретшілер мен шығармашылық топтар ерікті негізде жұмыс істеуі керек, ал қала билігі оларға кез-келген мәселе бойынша көмек көрсетеді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив