KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

«Жолда қабылдау» акциясы аясында 250-ден астам сұрақ пен өтініш қабылданған – ШҚО

13.09.2022, 11:29 147

ШҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясының екі күнінде 250-ден астам сұрақ пен өтініш қабылдаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйектен бастап барлық ел ішінде «Жолда қабылдау» республикалық акциясы басталған болатын. Акцияны өткізу кезеңінде облыс бойынша 10 азаматтарды қабылдау пункті жұмыс істеді.
Акция аясында азаматтар өздерінің шұғыл мәселелерін шешу үшін алдын ала жазылусыз тікелей полиция басшылығына жүгіне алады.
- Екі күн бойы әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері азаматтардың көлік құралдарын тіркеу және қайта жабдықтауға, жүргізуші куәліктерін беруге, әкімшілік құқық бұзушылықтарға және оларды төлеу тәсілдеріне, әкімшілік учаскелерде учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қатысты сұрақтар мен өтініштерге жауап берді. Жол жүрісі қағидалары, көші-қон заңнамасы бойынша түсініктемелер берілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, полицейлерге өз сұрақтарын үйден шықпай-ақ қоюға да мүмкіндік алды. Полиция басқармалары мен бөлімдерінің бірінші басшыларының қатысуымен "Instagram" әлеуметтік желісінде "тікелей эфирлер" өткізілген. Онда сұрақтардың басым көпшілігі Өскемен қаласының жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты болған.
- Сонымен қатар, жедел желі телефондары да іске қосылған.  Акцияны өткізудің екі күні ішінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарынан 250-ден астам сұрақтар келіп түсті, оларға жауаптар берілді, - деп түсіндірді жауапты мамандар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив