KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

Әскери мектептің тәлім алушыларын қызметке шақырды – Өскемен

13.09.2022, 10:33 121

Өскеменде әскери-техникалық мектептің тәлім алушылары қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасарымен кездесті.

Кездесу барысында полиция полковнигі Марат Баяндинов құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасудың тәртібі, ішкі істер министрлігінде бастапқы даярлықтан өту шарттары туралы әңгімелеп, тәлім алушыларды полиция қатарын толықтыруға шақырды.

Сондай-ақ спикер Ішкі істер органдарында қызмет атқарудың артықшылықтарына тоқталып, кандидаттарды іріктеу, тестілеуден және дене шынықтыру дайындығынан өту өлшемдері, полициядағы жұмыстың ерекшеліктері мен түрлі бөлімшелердің күнделікті қызметі туралы сөз қозғады.

Ішкі істер органдарында қызмет атқарудың бірқатар артықшылықтары бар. Мәселен алғашқы даярлық оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Жалақысы – тұрақты және уақтылы. Қызметкерлерге емдеу мекемелерінде және ведомстволық ұйымдарда тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Бұған қоса тұрғын үй жалдауға өтемақы және сауықтыруға арналған жәрдемақы алу сынды басымдықтар бар, - деді Марат Баяндинов.

Полиция басқармасының өкілі енді орта біліммен жұмысқа орналасу үшін мемлекеттік қызмет тестілеуінен өтудің қажеті жоқ екенін де еске салды.

Осы мәселе бойынша толық ақпарат алуға болады: 232-824, 232-700, 232-619 (Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 152).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив