KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1,7 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Өскеменге "Халық заңгері" келеді

13.09.2022, 09:46 124

Облыс орталығына «Халық заңгері» келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл жалпыреспубликалық акция еліміздің барлық ірі қалаларында 16 қыркүйек күні өтеді. Ал Өскеменде сағат 16:00-де Қазақстан көшесі, 55 (С.Аманжолов атындағы ШҚУ ғимараты) мекенжайында болмақ.

Акция аясында кез келген адам адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушыларынан, мемлекеттік органдардың басшыларынан тегін кеңес алады. Кіру де тегін.

2016 жылы басталған «Халық заңгері» акциясы халықтың ерекше сұранысына ие болғанын айта кетуіміз керек. 2019 жылға дейін іс-шараға 7000-нан астам үздік сарапшы мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам адам тегін кеңес алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив