KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Жаңбыр жауып, үсік жүруі мүмкін - ШҚО

12.09.2022, 16:54 154

«Қазгидромет» РМК 13-15 қыркүйектегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Синоптиктердің хабарлауынша Қазақстанның солтүстік жартысына солтүстік-батыс суық антициклон әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

-        14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі уақытта солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, 15 қыркүйекте шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі, - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив