Бірнеше аудан мектебінде сабақ тоқтатылды – ШҚО

Білім басқармасының мәліметінше, бүгін Алтай ауданында бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары аязға байланысты (-34 градус) қашықтықтан оқыту форматына ауысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі
Ал Ұлан ауданында Қ.Қайсенов, Бозанбай, Қанай, Асубұлақ, Тарғын ауылдарында сабақтар тоқтатылды. Аталмыш елді мекендерде ауа температурасы -27 градусқа дейін төмендеген.
Көкпекті ауданында 0-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды. Мұнда сынап бағанасы -37 градусқа төмендеді.
Күршім ауданында -33 градус аяз. Бірқатар мектеп қашықтықтан оқыту форматына көшті.
Сонымен қатар оқыңыз