Өскемен
-8°
облачно с прояснениями ветер 5 м/с, З
460.79 490.51 6.02

ШҚО-дағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар

8.12.2021, 15:11 85 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде жол-көлік инфрақұрылымын дамытудың бірінші кезеңі аяқталуда. Бүгінгі таңда төрт жыл бұрын ойға алған жоспарлардың барлығы дерлік жүзеге асырылған.

Қазір Алматы тасжолына шығатын І. Есенберлин көшесінің құрылысы аяқталып қалды. Самар күрежолына бағыт алатын Қ. Сәтпаев көшесінің құрылысы да бітті. Понтон көпірінен Меновное ауылына дейінгі жолды жөндеу біршама созылып кеткенімен, есесіне аталмыш елді мекеннің ішіндегі жүру бөлігі кеңейтілді. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар Өскемен – Алматы автожолына шығатын жолдың құрылысын тәмәмдалды.

Енді келесі кезең – Алматы және Семей бағытына шығатын жолдарды, сондай-ақ облыс орталығының бірнеше көшесіндегі көлік жүретін жол тағандары мен Астана көшесінің жалғасын кеңейту болмақ.

2022 жылы Семейдің көшелерін күрделі қайта жаңарту қарастырылған, қала ішіндегі жолдардың 50 шақырымы жөнделетін болады.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив