ШҚО-да 33 жаңа мектеп салынады

Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін Қазақстанда 1000 мектеп салу тапсырмасына орай, ШҚО-да 33 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.
Жаңа мектептер ескі шағын комплектілі, ағаштан салынған және мектепке арналмаған ғимараттардың орнына салынбақ.
Жыл соңына дейін Семей қаласының Степное кентінде 300 орындық және Восточное ауылында 1200 орындық екі мектеп пайдалануға беріледі. Келесі жылы тағы 6 мектептің құрылысы аяқталады.
Сонымен қатар, балалар мен жастарға арналған «Зерде» ғылыми-шығармашылық білім беру орталығының құрылысы басталады. Орталық әлемдік стандарттарға сай болады. Бұл - бірегей жоба, себебі ғылыми зертханалар, мұражай экспозициялары мен шығармашылық сыныптары бір жерде топтастырылады.
Сонымен қатар оқыңыз