KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да зейнеткерден жүздеген патрондар мен оқ-дәрі тәркіленді

12.09.2022, 11:49 115

Риддер қаласында тұратын зейнеткердің үйінен жүздеген патрондар мен оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полиция қызметкерлері облыс аумағында «Қару» атты жедел шара жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде 62 жастағы тұрғынының үйінен 700-ден астам патрон, оқ-дәрісі салынған үш қап, жеті қорап тәркіленді.

«Тұрғынының айтуынша, мұның бәрі марқұм күйеуінен қалған. Алайда, зейнеткердің өзі де күйеуі қару-жарақат иесі ретінде базаға тіркілмеген», - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив