Өскемен
-30°
плотный туман ветер 1 м/с, С
468.9 485.64 7.7

17 қыркүйекте экологиялық акция өтеді

11.09.2022, 19:18 0 0 Мадина Амангелдіқызы

17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде «World Cleanup day 2022» дүниежүзілік экологиялық акциясын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл күні «World Cleanup day 2021» акциясы әлемнің 150 елінде өтеді, оған 380 миллионнан астам адам қатысады.

Қазақстанның дүниежүзілік акцияға қатысуы Қазақстанды «жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 орнықты даму мақсаттарына қол жеткізетін жаһандық әлемдік экологиялық акциялардың қатысушысы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл іс-шара республикалық ауқымда өтеді.

Осы ретте ШҚО экология департаменті облыстың барлық тұрғындарын, мемлекеттік органдарды, кәсіпорындарды, волонтерлік ұйымдарды осы іс-шараға белсенді қатысуға шақырады.

Тұрғындарға акцияға қолдау көрсету үшін ведомстволық және аула аумақтарының, аллеялардың, саябақтардың, көшелердің, учаскелер мен жағалаулардың сенбіліктеріне шығу керек.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив