ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-35°
туман ветер 1 м/с, С
467.99 488.82 7.7
KZ RU

ШҚО-да өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда

11.09.2022, 19:09 2 0 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО Төтенше жағдай департаменті 10 қыркүйектегі өрт жағдайы туралы хабарлады.

Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөп, бұта, ағаштардың жануына қарсы күрес жалғасуда. Өрттің аумағы - 1800 га. Жақын жерде орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ. Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылар мен жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 307-ге жуық адамы мен 35 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, ауа-райы жағдайларымен күрделенген, сондықтан 4 тікұшақ тартылды: облыс әкімдігінің МИ-8, МИ-171 және ҚР ТЖМ "Еврокоптер"- "Қазавиақұтқару", сондай - ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17. Барлығы 28 рет су төгілді. Сөндіру жұмыстары жалғасуда.

 Алтай ауданында "Зырян орман шаруашылығы" КММ және "Быков орманшылығы" аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау", ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері таулы жерлерде 2400 Га аумақта сөндіреді. 230 тоннадан астам су төгілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге барлығы 367 адам және 35 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт сөндіру жұмыстары Катонқарағай ауданында да жалғасуда, онда өрттің аумағы - 1900 га, Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында жүруде. Жоюға 355 адам және 29 бірлік техника. Десантты жеткізу үшін Қазавиаорманқорғау МИ-2 тікұшағы тартылды.       

9 қыркүйекте Құйған ауылдық округінің аумағында таулы жетуі қиын жерде 543,6 га астам аумақта шөптер, бұталар өрті тежелді.

Қазіргі уақытта Құйған ауылдық округі аумағында "Заря" учаскесінде 9 қыркүйекте шамамен 300 га құрғақ шөп өртімен күресуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жақын маңдағы Қайнар елді мекеніне дейінгі қашықтық - 10 шақырым. Өртті жоюға 44 адам және 8 бірлік техникасы тартылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды